---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/05/27/almatyda-za%d2%a3syz-salyn%d2%93an-ta%d2%93y-bir-%d2%93imarat-b%d2%b1zyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда заңсыз салынған тағы бір ғимарат бұзылды

![Алматыда заңсыз салынған тағы бір ғимарат бұзылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/05/800x486.webp)

**Алматыда Қайрат шағынауданы Дәулеткерей көшесі, 61-үй мекенжайында ірі күрделі құрылыс бұзылды. Меншік иесі нысанды рұқсатсыз салған, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша басқарма меншік иесіне қатысты құрылыс-монтаж жұмысын тоқтата тұруға және учаскені бастапқы қалпына келтіруге нұсқама берген.

Алайда, меншік иесі талапты орындамады, осыған байланысты іс сотқа жолданды.

> «2024 жылы 27 наурыз күні Түрксіб аудандық сотының шешімімен басқарманың талабы қанағаттандырылды. Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды өз еркімен бұзды», — деп хабарлады басқармадан.

Фото: пресс-служба акимата Алматы

---

Жарияланды: 2024-05-27T06:36:47+06:00

Жаңартылды: 2024-05-27T06:36:47+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/05/27/almatyda-za%d2%a3syz-salyn%d2%93an-ta%d2%93y-bir-%d2%93imarat-b%d2%b1zyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.