---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/05/27/ajzada-%d2%9b%d2%b1rmanova-%d2%9br-m%d3%99deniet-zh%d3%99ne-a%d2%9bparat-vicze-ministri-bolyp-ta%d2%93ajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Айзада Құрманова ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

![Айзада Құрманова ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/05/naznachenie-12.jpg)

**Айзада Құрманова мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды****Qazaqpress.**

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі 27 мамырда хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айзада Амангелдіқызы Құрманова мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды»,- делінген хабаралмада.

**Айзада Амангелдіқызы Құрманова:**

1970 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын, Инновациялық Еуразия университетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар облысы Май ауданы орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Әр жылдары оқу бөлімінің меңгерушісі, ОМ директоры болып жұмыс істеді.

2002-2007 жылдары-Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы.

2007-2009 жылдары-Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары.

2009-2011 жылдары-Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының бастығы.

2011-2014 жылдары-Павлодар облысы Лебяжі ауданының әкімі.

2014-2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2020 жылдары VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

*Фото: primeminister.kz*

---

Жарияланды: 2024-05-27T06:42:48+06:00

Жаңартылды: 2024-05-27T06:42:48+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/05/27/ajzada-%d2%9b%d2%b1rmanova-%d2%9br-m%d3%99deniet-zh%d3%99ne-a%d2%9bparat-vicze-ministri-bolyp-ta%d2%93ajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.