«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкіметтің 2024 жылғы 20 мамырдағы қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Qazaqpress.
Атап айтқанда, мыналар құрылды:
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті Алатау қаласының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Үлкен Нарын ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Марқакөл ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаментінің Мақаншы ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаментінің Жаңасемей ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай ауданының Полиция департаментінің емханасы бар госпиталь» мемлекеттік мекемесі.
- Жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін ұстауға және жергілікті бюджетке көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатыны анықталды.
Фото: Polisia.kz
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз