---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/05/21/semejde-s%d2%afjiktisin-k%d3%a9likpen-taptap-%d3%a9ltirgen-k%d2%afdiktini%d2%a3-isi-sot%d2%9ba-%d3%a9tti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Семейде сүйіктісін көлікпен таптап өлтірген күдіктінің ісі сотқа өтті

![Семейде сүйіктісін көлікпен таптап өлтірген күдіктінің ісі сотқа өтті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/05/664b75784cad8555688401.webp)

**Семей қаласында көлік таптап кеткен әйел көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Абай облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 33 жастағы әйел адамды қасақана көлікпен таптап кеткен.

Алған жарақатынан ол ауруханада көз жұмды.

> — Аталған факті бойынша Әуезов полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті анықталып, ұсталды. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сот-медициналық сараптамалармен дәлелденді. Қазіргі уақытта күдікті сотқа берілген, — делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, марқұм әйелді көлікпен таптаған — оның кездесіп жүрген жігіті.

*Фото: Newtimes.kz*

---

Жарияланды: 2024-05-21T03:21:20+06:00

Жаңартылды: 2024-05-21T03:21:20+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/05/21/semejde-s%d2%afjiktisin-k%d3%a9likpen-taptap-%d3%a9ltirgen-k%d2%afdiktini%d2%a3-isi-sot%d2%9ba-%d3%a9tti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.