---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/05/21/futboldan-europa-chempionaty-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9b-%d2%9baj-telearnadan-k%d3%a9rsetiletini-belgili-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Футболдан Еуропа чемпионаты қазақстандық қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды

![Футболдан Еуропа чемпионаты қазақстандық қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/05/the-ball-stadion-football-the-pitch-39362.jpeg)

**Футболдан Еуропа чемпионаты қазақстандық қай телеарналардан тікелей эфирде көрсетілетіні анықталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Дүбірлі доданы тікелей эфирде көрсету құқығына «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы ие болып отыр.

Қазақстандық жанкүйерлер ойындарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Еуропаның үздік құрамаларының 51 кездесуі бір ай бойы екі арнадан көрсетіледі. Оған қоса Еуропа стадиондарында бір ай бойы корпорацияның арнайы шығармашылық тобы жұмыс істейді.

Құрамалардың топқа бөлінуі мынадай:

А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.

B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.

С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.

D тобы: Польша, Нидерланд, Австрия, Франция.

E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Украина

F тобы: Португалия, Грузия, Түркия, Чехия.

Финалдық кезең 14 маусымда Германия мен Шотландия кездесуімен ашылады.

*Фото: Prosports.kz*

---

Жарияланды: 2024-05-21T03:13:04+06:00

Жаңартылды: 2024-05-21T03:13:47+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/05/21/futboldan-europa-chempionaty-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9b-%d2%9baj-telearnadan-k%d3%a9rsetiletini-belgili-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.