---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/05/20/atyrauda%d2%93y-mahambet-auylyna-%d2%9bauip-t%d3%a9ndi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атыраудағы Махамбет ауылына қауіп төнді

![Атыраудағы Махамбет ауылына қауіп төнді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/05/2022_03_29_mahambet-1104460.jpg)

**Жайық өзеніндегі мол судан Атырау облысындағы Махамбет ауылына қауіп төнді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, соған байланысты Махамбет ауданының орталығы – Махамбет пен Сарытоғай ауылының арасындағы жолды жабуға тура келген.

> «Жайық өзенімен өр суының көптеп келуі Махамбет ауылына қауіп төндірді. Соған байланысты Махамбет–Сарытоғай ауылын жалғаған тас жол жабылып, су арнасы бағытын бұру үшін жырылды. Махамбет ауданының әкімдігі жол төсемін қалпына келтіру үшін инертті материалдар дайындады. Алайда судың көп көлемде келуі мен ағыстың қаттылығынан бұл жұмысты жүргізу мүмкін болмай тұр», — деп хабарлады облыстық жедел штаб.

Су деңгейі төмендегеннен кейін жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетіні жоспарланып отыр.

> «Су тасқынымен күресте уақытша қолайсыздықтар туындайды. Бірақ аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Сарытоғай елді мекенін Махамбет ауылына қатынаушылар «Сейтек» шәйханасы жанындағы айналма жолмен жүруіне болады», — деп мәлім етті облыстық жедел штабтан.
> 
> 
> 
> 
> Фото: zh-shugylasy.kz

---

Жарияланды: 2024-05-20T05:25:50+06:00

Жаңартылды: 2024-05-20T05:25:50+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/05/20/atyrauda%d2%93y-mahambet-auylyna-%d2%9bauip-t%d3%a9ndi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.