---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/05/16/%d1%82%d0%be%d2%9b%d0%b0%d0%b5%d0%b2-%d1%81%d0%bb%d0%be%d0%b2%d0%b0%d0%ba%d0%b8%d1%8f-%d0%bf%d1%80%d0%b5%d0%bc%d1%8c%d0%b5%d1%80-%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b8%d1%81%d1%82%d1%80%d1%96-%d1%80%d0%be%d0%b1/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға жасалған қастандықты айыптады

![Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға жасалған қастандықты айыптады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/05/kasym-zhomart-tokaev.jpg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

*Фото: kazvedomosti.kz*

---

Жарияланды: 2024-05-16T05:06:44+06:00

Жаңартылды: 2024-05-16T05:06:44+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/05/16/%d1%82%d0%be%d2%9b%d0%b0%d0%b5%d0%b2-%d1%81%d0%bb%d0%be%d0%b2%d0%b0%d0%ba%d0%b8%d1%8f-%d0%bf%d1%80%d0%b5%d0%bc%d1%8c%d0%b5%d1%80-%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b8%d1%81%d1%82%d1%80%d1%96-%d1%80%d0%be%d0%b1/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.