---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/05/13/sh%d2%9bo-da-k%d3%99siporyn-%d2%9byzmetkerlerine-126-mln-te%d2%a3ge-zhala%d2%9by-t%d3%a9lenbegen/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ШҚО-да кәсіпорын қызметкерлеріне 12,6 млн теңге жалақы төленбеген

![ШҚО-да кәсіпорын қызметкерлеріне 12,6 млн теңге жалақы төленбеген](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/05/1551755_0_264_5896_3581_1920x0_80_0_0_373ed312556d9bf9f6e470ed9efcc940.jpg)

**ШҚО прокуратурасының араласуынан кейін 12,6 млн. теңге жалақы төленді, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, «Шығысстройгруп» ЖШС банкроттық басқарушысы 2 жылдан астам уақыт бойы 42 қызметкердің алдында 12,6 млн.теңге жалақы берешегін өтеу үшін өз мүлкін сату шараларын қабылдамаған.

Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпорынның бұрынғы басшысы банкроттық басқарушы және салық органдарымен жұмыс кездесуін өткізіп, құқықтық және әдістемелік көмек көрсетілген. Нәтижесінде, банкрот деп танылған кәсіпорынның мүлкі сатылып, қызметкерлерге төленбей келгент қарыз толығымен өтелді.

*Фото: Sputnik.kz*

---

Жарияланды: 2024-05-13T06:44:53+06:00

Жаңартылды: 2024-05-13T06:44:53+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/05/13/sh%d2%9bo-da-k%d3%99siporyn-%d2%9byzmetkerlerine-126-mln-te%d2%a3ge-zhala%d2%9by-t%d3%a9lenbegen/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.