---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/05/13/61458/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 

![](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/05/1715487440.jpg)

**Судья Айжан Құлбаева айыпталушылар – Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты үкімнің қарар бөлігіне кірісе бастады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

> «Судья үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кірді», — деді соттың баспасөз қызметі.

Басқа мәліметтер белгісіз. Судьяның кеңесу бөлмесіне кіргеніне қарағанда алқабилер дауыс беріп, қойылған сұрақтарға жауап берген болуы мүмкін.

Бұған дейін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айыпталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты өтіп жатқан сот процесінде судья Айжан Құлбаева алқабилерге қойылатын сұрақты оқып бергенін жазған болатынбыз.

***Фото: Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты***

---

Жарияланды: 2024-05-13T06:42:39+06:00

Жаңартылды: 2024-05-13T06:42:39+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/05/13/61458/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.