---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/04/30/bas-prokuratura-b%d2%b1ryn%d2%93y-ishki-ister-ministri-erlan-t%d2%b1r%d2%93ymbaevty%d2%a3-%d2%b1stal%d2%93anyn-rastady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бас прокуратура бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады

![Бас прокуратура бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/662fdd4d36f0f.webp)

**Прокуратура Қазақстанның бұрыншы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.

> «Биылғы 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды»,-делінген хабарламада.

Сонай-ақ онда мемлекеттік құпияларды құрайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу ҚР ҚІЖК-нің 47 және 201-баптарының талаптарымен регламенттелгені айтылған.

Фото пресс-службы МВД

---

Жарияланды: 2024-04-30T04:51:01+06:00

Жаңартылды: 2024-04-30T04:51:03+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/04/30/bas-prokuratura-b%d2%b1ryn%d2%93y-ishki-ister-ministri-erlan-t%d2%b1r%d2%93ymbaevty%d2%a3-%d2%b1stal%d2%93anyn-rastady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.