---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/04/29/%d0%b5%d1%80%d1%82%d1%96%d1%81-%d0%b6%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d0%bb%d0%bc%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3-64-%d0%bf%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d0%b7%d1%8b%d0%bd-%d1%81%d1%83-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%8b/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ертіс жайылмаларының 64 пайызын су басып үлгерді

![Ертіс жайылмаларының 64 пайызын су басып үлгерді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/0_6_IMG_6363-min.jpg)

**Осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстандағы каскадты су қоймаларынан Ертіс өзеніне 4,6 шаршы километр су жіберілген. Бұл — жоспардағы көлемнің 74 пайызы, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Мамандар Ертіс өзенінің су жайылатын алқаптарын әуеден барлап шықты. Аққулы, Май, Павлодар аудандарының және Ақсу қаласының ауылдық аймақтарында судың жайылуы ойдағыдай жүріп жатыр. 

> — 10 сәуірден бастап бекітілген кестеге сәйкес жоғарғы Ертіс каскадынан табиғатты қорғау мақсатында су жіберіле бастады. Негізгі кезеңі 13-30 сәуір аралығына жоспарланған, су 12 тәулік бойы секундына 3500 текше метрден жіберіледі. Алдын ала есептеулер бойынша жайылманың 75-80% алқабын су басады деп күтіліп отыр. Жалпы жоспарланған 6,2 текше километрді қазірдің өзінде 4,6 текше километрі немесе шамамен 74% су жіберілді. Қазір облыстың жайылма алқаптарының шамамен 64%ын су басты, бұл өткен жылғы деңгейден 2 есеге артық, - деп хабарлады Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

Табиғатты қорғау мақсатында жіберіліп жатқан су ағындары бүгінгі таңда Ертіс өзенінің төменгі ағыс бөлігінде ерекше байқалады.

*Фото: Александра Петрова.*

---

Жарияланды: 2024-04-29T03:59:58+06:00

Жаңартылды: 2024-04-29T03:59:58+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/04/29/%d0%b5%d1%80%d1%82%d1%96%d1%81-%d0%b6%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d0%bb%d0%bc%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3-64-%d0%bf%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d0%b7%d1%8b%d0%bd-%d1%81%d1%83-%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%8b/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.