---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/04/25/almaty-zh%d3%99ne-m%d3%99skeu-mikrohirurgtary-auyr-k%d2%afjigi-men-tyrty%d2%93y-bar-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9b-balalar%d2%93a-birlesken-k%d2%afrdeli-ota-zhasady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы және Мәскеу микрохирургтары ауыр күйігі мен тыртығы бар қазақстандық балаларға бірлескен күрделі ота жасады

![Алматы және Мәскеу микрохирургтары ауыр күйігі мен тыртығы бар қазақстандық балаларға бірлескен күрделі ота жасады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-25-at-12.16.54.jpeg)

Алматыда №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының базасында сирек кездесетін аяқ-қол сирек патологиясы, ауыр күйігі мен тыртығы бар балаларға ота жасалды. Әрбір ота ерекше, өйткені барлық клиникалық жағдайдың өзі сирек кездеседі, деп есептейді қазақстандық дәрігерлер. Ота кезінде барлық клиникада кездеспейтін тың технология қолданылады.

*«Шеберлік дәрісі аясында**бірлескен о**таларды қ**азақстандық дәрігерлер мен**аяқ-**қол микрохирургиясы бойынша әлемдік деңгейдегі маман, Мәскеу қаласындағы**Ресей халықтар достығы университетінің Т**равматология және ортопедия кафедрасының профессоры Игорь Голубев**жасады**. Оның**елімізге «Мейірімділік» ерікті қоғамы»**қоғамдық қоры ұйымдастырды. Біз бірге туа біткен және жүре пайда болған аяқ-қол**ында**ақауы бар төрт**балаға**о**та**жасадық. Бұл негізінен балалардың сапалы өмір сүруіне кедергі келтіретін күйіктер мен тыртықтар**болатын»**, - де**йді**Алматы қаласының №2**ҚБКА**директоры **Марат Рабандияров.***

*Бұл ота**ларды Голубевтің басшылығымен №2**ҚБКА**мамандары - Травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі**Ерл**ан Садырбалин, балалар хирургі Ұлжан Солтанбекова сәтті жүргізді.*

Төрт жасар **Серік М****ү****сл****і****м** термиялық күйіктің ауыр зардап шеккен. Анасы ұлының әрекетсіздігі өмір сүруіне және толық дамуына кедергі келтіретінін айтады, бірақ қазір бар қиындықтан өтті, енді баланы оңалту ғана қалды.

[![Иллюстрация — Алматы және Мәскеу микрохирургтары ауыр күйігі мен тыртығы бар қазақстандық балаларға бірлескен күрделі ота жасады](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-25-at-12.16.56-2.jpeg)](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-25-at-12.16.56-2.jpeg)

[![Иллюстрация — Алматы және Мәскеу микрохирургтары ауыр күйігі мен тыртығы бар қазақстандық балаларға бірлескен күрделі ота жасады](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-25-at-12.16.56-1-768x1024.jpeg)](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-25-at-12.16.56-1.jpeg)

*Ауыр күйік салдарын жою үшін балаға бірнеше жыл бұрын ота жасалған болатын. Енді қанмен қамтамасыз етілген тінді аяқтағы күретамырға трансплантациялау қажет болды. Нәтижесі жақсы: білектегі кемістік жойылып, қол емін-еркін қозғалуы үшін көп жарақаттанбаған бас бармақпен жұмыс істедік, - дейді №2 ҚБКА травматолог-дәрігері **Ұлжан Солтанбекова.***

Тағы бір кішкентай науқас **Айғаным Нұрбекқызына** «Термиялық күйіктің салдары» деген диагноз қойылған. Анасы бір жасында Айғанымның аяқ-қолы қайнаған суға күйгенін, кейін жаралар толық жазылмай, аяқ бақайының бүгілуіне кедергі келтіретін тыртықтың пайда болғанын айтады. Отадан соң қыздың оң тізесінің буыны бүгілетін болды, науқастың анасы дәрігерлерге алғыс айтып, Айғанымның бақайының қозғалғанын бүкіл отбасы болып күткенін айтады. Қазір Айғаным қозғала алады, отадан кейінгі қалпына келу ем-шарасын қабылдап жатыр.

[![Иллюстрация — Алматы және Мәскеу микрохирургтары ауыр күйігі мен тыртығы бар қазақстандық балаларға бірлескен күрделі ота жасады](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-25-at-12.16.57-853x1024.jpeg)](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-25-at-12.16.57.jpeg)

[![Иллюстрация — Алматы және Мәскеу микрохирургтары ауыр күйігі мен тыртығы бар қазақстандық балаларға бірлескен күрделі ота жасады](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-25-at-12.16.56-853x1024.jpeg)](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-25-at-12.16.56.jpeg)

Шеберлік дәрісін өткізген **Игорь Голубевтің**бұлАлматыға алғашқы сапары емес. Ол күрделі диагнозы бар балаларды қазақстандық микрохирург әріптестерімен бірге емдейді. Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінің Травматология және ортопедия кафедрасының профессоры былай дейді:

*«Бұл жолы емделуі өте қиын және басқа мүшеден тіндерді енгізуді қажетсінетін күйіктің салдарымен жоюмен айналыстық. Атап айтқанда, кеше біз ыстық пешті қолымен ұстап алып, барлық саусағы бырысып күйіп қалған балаға ота жасадық. Біз барлық клиникада кездеспейтін эксклюзивті технология қолданамыз. Балалармен және сезімтал тіндермен жұмыс жасауда әр миллиметр маңызды рөл атқарады, біздегі барлық клиникалық жағдайдың сирек кездесетінін ескерсек, әрбір ота өзінше ерекше», - деп сөзін түйіндеді микрохирургия және қол жарақаты бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінің Травматология және ортопедия кафедрасының профессоры* *Игорь Голубев.*

Қазіргі уақытта ота жасалған барлық бала өзін жақсы сезінеді. Дәрігерлер 7-10 күн бойы стационар жағдайында бақылап, кейін оларды біртіндеп ауруханадан шығаратынын айтады.

[![Иллюстрация — Алматы және Мәскеу микрохирургтары ауыр күйігі мен тыртығы бар қазақстандық балаларға бірлескен күрделі ота жасады](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-25-at-12.16.55-1-853x1024.jpeg)](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-25-at-12.16.55-1.jpeg)

[![Иллюстрация — Алматы және Мәскеу микрохирургтары ауыр күйігі мен тыртығы бар қазақстандық балаларға бірлескен күрделі ота жасады](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-25-at-12.16.55-768x1024.jpeg)](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-25-at-12.16.55.jpeg)

---

Жарияланды: 2024-04-25T08:28:39+06:00

Жаңартылды: 2024-04-25T08:28:40+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/04/25/almaty-zh%d3%99ne-m%d3%99skeu-mikrohirurgtary-auyr-k%d2%afjigi-men-tyrty%d2%93y-bar-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9b-balalar%d2%93a-birlesken-k%d2%afrdeli-ota-zhasady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.