24 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының екі жаңа орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
— Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды,- делінген таратылған ақпаратта.
Лугмар Буларов дүнген этносының жетекшісі екені белгілі. Ол 2024 жылдан бастап Ұлттық Құрылтайдың жұмысына араласа бастады.
Юрий Шин – Қазақстан корейлері қауымдастығының төрағасы, VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты.
Олар президент ҚХА төрағасының орынбасары қызметінен босатқан Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дякты ауыстырды.
Фото: Zakon,kz
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз