---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/04/23/tas%d2%9byn%d2%93a-%d2%9barsy-t%d3%a9selgen-%d2%9b%d2%b1m%d2%9baptardy-kim-zhinastyrady-tzhm-zhauaby/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тасқынға қарсы төселген құмқаптарды кім жинастырады – ТЖМ жауабы

![Тасқынға қарсы төселген құмқаптарды кім жинастырады – ТЖМ жауабы](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/img-8834-scaled.jpg)

**Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде тасқынға қарсы төселген құмқаптарды экологияға әсері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Ерте ме, кеш пе тасқын аяқталады. Сол кезде қалың құмқапты не істейсіздер? Бұл жаңа экологиялық апатқа әкелмей ме? Осы күйі қалдырып кетпейсіздер ме? Ертең оны кім жинастырады№» - деп сұрады БАҚ өкілі.

Бауыржан Сыздықов журналист айтқан құмқаптар қазіргі күйінде қалмайтынына сендірді.

> «Дұрыс түсінуіңіз керек. Бәрі ол күйінде қалмайды. Әрине, экологияға жауап беретін органдар бар, әкімдіктер де ондай бөлімшелер бар. Оның бәрімен айналысады. Бүгінгі таңда бөгеттерді, уақытша дөңдерді жасаған болсақ, әшейін қалады деп ойламаймыз. Оны да керек-жараққа, халықты, үйлерді, елді қорғауға жаратамыз. Оны өңдеу жұмыстары болады», - деді Бауыржан Сыздықов.
> 
> 
> 
> 
> 
> 
> 
> *Фото: primeminister.kz*

---

Жарияланды: 2024-04-23T08:26:48+06:00

Жаңартылды: 2024-04-23T08:32:15+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/04/23/tas%d2%9byn%d2%93a-%d2%9barsy-t%d3%a9selgen-%d2%9b%d2%b1m%d2%9baptardy-kim-zhinastyrady-tzhm-zhauaby/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.