HONOR Magic6 Pro камераларының объективтерімен түсірілген Almaty Half Marathon фотосуреттері қолжетімді болды

HONOR Magic6 Pro камераларының объективтерімен түсірілген Almaty Half Marathon фотосуреттері қолжетімді болды

Кәсіби фотографтар HONOR Magic6 Pro камералары арқылы алматылық марафоншылардың 12000тан астам суреттерін түсірді

Қазақстан, 22 сәуір 2024 жылHONOR жаһандық технологиялық бренді 21 сәуірде мыңдаған жүгіру жанкүйерлерін біріктірген Almaty Half Marathon спорттық іс-шараны қолдау арқылы, белсенді өмір салтын ұстанатынын растады.

Алматы жартылай марафонының серіктесі ретінде HONOR қатысушыларға жаңа HONOR Magic6 Pro флагманының камерасына өздерінің жетістіктерінің тамаша сәттерін түсірудің бірегей мүмкіндігін сыйлады. HONOR шақырған кәсіби фотографтар жүгіру қашықтығының әртүрлі учаскелерінде марафон сәттерін түсіріп алды.

Иллюстрация — HONOR Magic6 Pro камераларының объективтерімен түсірілген Almaty Half Marathon фотосуреттері қолжетімді болды

Жақында шыққан HONOR Magic6 Pro камера жүйесі – 50 Мп негізгі камера, 50 Мп ультра кең бұрышты және саладағы алғашқы 180 Мп перископтық камера – бұл мобильді фотосуреттегі нағыз революция.

Иллюстрация — HONOR Magic6 Pro камераларының объективтерімен түсірілген Almaty Half Marathon фотосуреттері қолжетімді болды

Кәсіби деңгейдегі спорттық фотосурет алгоритмдері – инновациялық Sport Portrait тіпті, динамикалық өзгеретін көріністе де спортшылардың керемет портреттерін түсіруге мүмкіндік береді. HONOR Falcon камерасы жылдам және дәл фокустың арқасында кең бұрышты және телефото объективтерін қолдана отырып, кадрдағы адамды нақты кескіндеп, ал фонды бұлыңғыр ете алады.

Иллюстрация — HONOR Magic6 Pro камераларының объективтерімен түсірілген Almaty Half Marathon фотосуреттері қолжетімді болды

Фотосуреттер барлық тілек білдірушілерге сілтеме арқылы тегін қол жетімді https://www.honor.com/kz/events/honor-magic6pro-marathon).

Жаңа HONOR Magic6 Pro туралы мәліметтерді HONOR ресми сайтынан табуға болады. Смартфон екі түсте көрсетілген: шалфей жасыл және графит қара, бағасы 512 ГБ нұсқасы үшін 669 990 теңге.

Иллюстрация — HONOR Magic6 Pro камераларының объективтерімен түсірілген Almaty Half Marathon фотосуреттері қолжетімді болды