---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/04/22/elimizde-537-gidrotehnikaly%d2%9b-%d2%9b%d2%b1rylys%d2%9ba-k%d2%afrdeli-zh%d3%a9ndeu-%d2%9bazhet/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елімізде 537 гидротехникалық құрылысқа күрделі жөндеу қажет

![Елімізде 537 гидротехникалық құрылысқа күрделі жөндеу қажет](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/news7678.jpg)

**Су ресурстары және ирригация министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында тасқынға тосқауыл бола алатын гидротехникалық құрылыстардың санын атады, деп хабарлайды Qazaqpress Inform.kz-ке сілтеме жасап.**

> «Министрлік жергілікті атқару органдарымен бірге елдегі гидротехникалық құрылыстарды түгендеді. Бүгінгі таңда ел аумағында 1502 гидротехникалық құрылыс (405 су қоймасы, 247 бөгет, 461 бөгесін, 118 гидроторап, 271 тоған), бар. Оның ішінде 331 нысан республикалық меншікте, 934-і коммуналдық меншікте, 229-ы жеке меншікте болса, 6 нысанның иесі жоқ», - деп жазылған жауапта. 

Ресми мәліметте кейінгі зерттеулер қорытындысы бойынша 537 гидротехникалық құрылысқа күрделі жөндеу қажет екені айтылған. Оның 52-сі республикалық, 428-і коммуналдық, 49-ы жеке меншікте. Иесіз қалған 6 нысан да күрделі жөндеуді қажет етеді.

Фото: ognialatau.kz

---

Жарияланды: 2024-04-22T05:29:34+06:00

Жаңартылды: 2024-04-22T05:29:35+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/04/22/elimizde-537-gidrotehnikaly%d2%9b-%d2%9b%d2%b1rylys%d2%9ba-k%d2%afrdeli-zh%d3%a9ndeu-%d2%9bazhet/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.