---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/04/15/zhajyq-oezenindegi-sw-denggeji-oralda-bir-taewlikte-13-santimetrge-koeterildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жайық өзеніндегі су деңгейі Оралда бір тәулікте 13 сантиметрге көтерілді

![Жайық өзеніндегі су деңгейі Оралда бір тәулікте 13 сантиметрге көтерілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/1712644219.jpeg)

**Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп келеді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жаса**п.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 15 сәуір күнгі таңғы сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша өзен деңгейі Орал қаласы тұсында бір тәулікте 13 сантиметрге жоғарылап, 768 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.

Бәйтерек ауданы Январцев гидробекетінде 1 сантиметрге (802 см) түскенімен, қауіп сейілген жоқ. Есесіне Көшім ауылында 751 (+12), Тайпақта 459 (+11) сантиметрді көрсетті.

Көшім каналында су деңгейі 820 сантиметрге (+13) жетіп, қауіпті шектен 20 сантиметрге асып кетті.

БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің айтуынша, Орынбордан келе жатқан үлкен судың алдыңғы легі бүгін кешке не түнде облыс шекарасына, Бөрлі ауданы Жарсуат ауылы тұсына жетеді.

> «Жайық өзені бойында орналасқан 84 елді мекен мен Орал қаласында бөгеттерді бекіту жұмыстары біте келді. Қазіргі кезде бөгеттердің ені ұлғайтылып, биіктігі көтерілуде», деді Қ.Айтмұхамбетов.
> 
> 
> 
> 
> Фото: oqu.news

---

Жарияланды: 2024-04-15T04:32:17+06:00

Жаңартылды: 2024-04-15T04:32:17+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/04/15/zhajyq-oezenindegi-sw-denggeji-oralda-bir-taewlikte-13-santimetrge-koeterildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.