---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/04/13/air-astana-toby-sw-tasqyny-kezinde-arnajy-tarif-engizedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Air Astana тобы су тасқыны кезінде арнайы тариф енгізеді

![Air Astana тобы су тасқыны кезінде арнайы тариф енгізеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/eyr-astana-shtraf.jpg)

**Air Astana жұртшылықты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және ҚР Көлік министрлігімен өткен кеңестің қорытындысы бойынша Air Astana және FlyArystan 13-24 сәуір аралығында Атыраудан Алматы мен Астанаға рейстерге су тасқыны кезеңінде арнайы тариф енгізетіні туралы хабардар етеді. Аталған тарифтің құны бір жаққа эконом-класта 40 000 теңгені құрайды.**

Сондай-ақ FlyArystan Атыраудан Шымкент, Ақтау және басқа қалаларға рейстерге арнайы тарифтерді уақытша енгізеді.

Бұған дейін Air Astana тобы 9-18 сәуір аралығында Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау, Шымкент қалаларына 33 қосымша рейс ұйымдастырылғанын хабарлаған болатын. Жалпы тұрақты рейстермен бірге 95 рейс орындалады.

---

Жарияланды: 2024-04-13T05:27:22+06:00

Жаңартылды: 2024-04-13T05:27:22+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саяхат](https://qazaqpress.kz/category/sayahat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/04/13/air-astana-toby-sw-tasqyny-kezinde-arnajy-tarif-engizedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.