Орал қаласында ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Qazaqpress.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 10 сәуір күні болды.
«Абай полиция бөлімі осы қылмыстық іске қатысты тергеу амалдарын жүргізуде. Жедел тергеу іс-шаралары нәтижесінде қылмыстың ізі суымай, күдікті анықталып, ұсталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», — деп хабарлады ведомстводан.
Фото: Gov.kz
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз