---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/04/10/almatylyq-travmatologtar-nawqastyng-ayaghyn-10-sm-uzartty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматылық травматологтар науқастың аяғын 10 см ұзартты

![Алматылық травматологтар науқастың аяғын 10 см ұзартты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/photo-2024-04-10-17-05-37.jpg)

**Науқас Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жамбас сүйегі аймағындағы ауырсыну, жүріп-тұруының қиындауы және бір аяғының 10 см-ге қысқа болуына шағымданып түскен.**

Бұл науқаста 10 жылдай уақыт орын алған, соңғы 3 жылда науқас өздігінен жүре алмай да қалған.

Науқасқа жүргізілген тексеру мен дәрігерлердің кеңесінен соң аяқ буынын ұзартумен жамбас буындарына эндопротездеу отасын жасау туралы шешім қабылданды.

Техникалық жағынан күрделі отаны ОҚКА травматолог дәрігері Дәулет Чукманов жасады.

*— Біз қажетті көлемдегі эндопротез алдық және жамбас буынының қалыпты анатомиясын қалпына келтіру үшін оны имплантацияладық. Ота барысында біз жамбас буынының зақымдануын байқадық және аяғын 10 см-ге дейін ұзарттық. Ота сәтті аяқталды. Отадан кейін науқас физиотерапия, емдік жаттығу және күнделікті өмірде қажетті кеңеспен оңалту курстарынан өтті, — дейді Дәулет Чук*манов.

Күрделі ота науқастың екі аяғын теңестіруге көмектесті. Оңалтудан өту барысында науқас өзінің қозғалу функцияларын қалыпқа келтірді және қозғалыс барысында буындардағы ауырсыну азайды. Аяқты ұзарту сәтті өтіп, науқас белсенді өмір салтына кедергісіз орала алды.

Маманның сөзіне сүйенсек, аяқ сүйектерін ұзартумен жамбас буындарын эндопротездеу осындай күрделі диагноз қойылған науқастар үшін ең тиімді емдеу әдісі болып табылады. Отаның сәтті нәтижесі науқастың отадан кейінгі күтімі мен дәрігерлердің берген кеңесін уақтылы әрі дұрыс орындауда екенін естен шығармау керек.

Аталған жағдайда ота ауырсынуды басу, буын функцияларын және қысқарған аяқты қалпына келтіру мақсатында жасалды.

---

Жарияланды: 2024-04-10T12:13:16+06:00

Жаңартылды: 2024-04-10T12:13:16+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/04/10/almatylyq-travmatologtar-nawqastyng-ayaghyn-10-sm-uzartty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.