---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/04/09/sw-basqan-oengirlerde-strategiyalyq-obektiler-qorghawgha-alyndy-iim/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Су басқан өңірлерде стратегиялық объектілер қорғауға алынды – ІІМ

![Су басқан өңірлерде стратегиялық объектілер қорғауға алынды – ІІМ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/1630914209.jpg)

**Су басқан өңірлерде қауіпсіздікті қамту мақсатында Ішкі істер органдарының қызметкерлері тәулік бойы жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Су басқан өңірлердегі жол қауіпсіздігі ерекше назарда. Республикалық маңызы бар жолдардың 14 учаскесінде жүруге шектеу қойылды (Ақмола – 1, Ақтөбе – 1, Атырау – 2, Қостанай – 3, Маңғыстау – 1, Павлодар – 1, СҚО-5). Су басқан аймақтардан полицияның арнайы ұйымдасқан колоннасымен 5 мың автокөлік шығарылды. Сондай-ақ, стратегиялық объектілер қорғауға алынды. Бүгінде су тасқынының алдын алу және салдарын жою іс-шараларына Ішкі істер органдары мен әскери қызметшілердің барлығы жұмылдырылды», — деді Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова ОКҚ-де өткен брифингіде.

Оның айтуынша, жағдай ушықса басқа өңірлерден қосымша күштер мен құралдар тартылады.

Фото: 5region.kz

---

Жарияланды: 2024-04-09T03:26:34+06:00

Жаңартылды: 2024-04-09T03:26:34+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/04/09/sw-basqan-oengirlerde-strategiyalyq-obektiler-qorghawgha-alyndy-iim/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.