---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/04/08/air-astana-toby-zardap-shekkenderge-koemek-koersetw-ueshin-1-mlrd-tengge-awdarady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Air Astana тобы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 1 млрд теңге аударады

![Air Astana тобы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 1 млрд теңге аударады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/eyr-astana-shtraf.jpg)

**Еліміздің бірқатар өңірлеріндегі су тасқынынан туындаған ауыр жағдайдан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында Air Astana тобы Samruk Kazyna Trust қорына 1 миллиард теңге аударады.**

Оған қоса, топ ұжымы өңірге жіберілетін гуманитарлық көмекті ұйымдастыруда. Air Astana тобы су тасқынынан зардап шеккен мекендерге гуманитарлық жүктерді тегін тасымалдауды жалғастыруда. Бүгінгі таңда топ Air Astana және FlyArystan ұшақтарымен Алматыдан Оралға және Алматы мен Астанадан Атырауға 8 мың кг. гуманитарлық жүкті тегін тасымалдап, алдағы рейстермен қосымша 12 мың кг астам жүк жеткізуді жоспарлап отыр. Гуманитарлық жүкті тасымалдауды одан ары жалғастыруға ниетті.

Air Astana 9 сәуірде Алматыдан Атырауға және кері орындалатын рейстерден басқа, 10, 11 және 12 сәуір күндері де Алматыдан Атырауға және кері бағытта қосымша рейстерін жүзеге асырады.

Air Astana су тасқынынан зардап шеккендерге жанашырлық танытып, еліміз үшін осы қиын кезеңде жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуде.

*Фото: Kaztag.kz*

---

Жарияланды: 2024-04-08T10:55:00+06:00

Жаңартылды: 2024-04-08T10:55:00+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/04/08/air-astana-toby-zardap-shekkenderge-koemek-koersetw-ueshin-1-mlrd-tengge-awdarady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.