---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/04/05/temirtawda-tuengi-toebeles-kezinde-bir-zhigitke-oq-tigen/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Теміртауда түнгі төбелес кезінде бір жігітке оқ тиген

![Теміртауда түнгі төбелес кезінде бір жігітке оқ тиген](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/800x450-1.webp)

**Әлеуметтік желіде түнде көшеде оқ атып, қарумен жүгіріп жүрген ер адамдардың видеосы тараған еді. Видео сипаттамасында бұл оқиғаның Теміртау қаласында болғаны айтылады. Бұл деректі ҚР ІІМ растап, аталған факті бойынша үш адамның ұсталғанын жеткізді, деп хабарлайды****Qazaqpress Zakon.kz****-ке сілтеме жасап.**

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 сәуірге қараған түні Теміртау қаласының ауруханасына оқ жарақатымен 27 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген болатын.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.

> «Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласының тұрғынына қатысты қару қолдану арқылы бұзақылық әрекет жасаған 27-31 жас аралығындағы үш адам ұсталды», делінген полиция хабарламасында.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басқа ақпарат тергеу құпиялылығына сәйкес жариялауға жатпайтыны ескертіледі.

---

Жарияланды: 2024-04-05T00:37:24+06:00

Жаңартылды: 2024-04-05T00:37:24+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/04/05/temirtawda-tuengi-toebeles-kezinde-bir-zhigitke-oq-tigen/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.