---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/04/05/roman-sklyar-ishki-naryqty-zhzhm-men-qamtamasyz-etw-maeseleleri-bojynsha-kenges-oetkizdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Роман Скляр ішкі нарықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді

![Роман Скляр ішкі нарықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/4-1_6.jpg)

**2024 жылғы 5 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. Склярдың төрағалығымен ішкі нарықты ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізілді, деп хабарлайды Qazaqpress primeminister.kz-ке сілтеме жасап.**

Жиында жанар-жағармай нарығындағы ағымдағы жағдай қаралып, отынды елімізден заңсыз әкетудің жолын кесу шаралары талқыланды.

Энергетика министрлігі өкілінің баяндамасында қазақстандық бағаның көршілес елдермен диспаритетіне байланысты ЖЖМ ағындары мен «жасырын» экспортының қаупі бар екені атап өтілді.

Ішкі нарықта тапшылықты болдырмау мақсатында ҚР ҚМА, ҰҚК ШҚ, ҚМ МКК және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шекаралық өткелдерде ЖЖМ әкетуді бақылау жұмыстарын күшейту тапсырылды.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шетел жүк көліктері үшін шекара маңындағы АЖС-ға сараланған бағаларды белгілеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

---

Жарияланды: 2024-04-05T13:37:44+06:00

Жаңартылды: 2024-04-05T13:37:44+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саяхат](https://qazaqpress.kz/category/sayahat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/04/05/roman-sklyar-ishki-naryqty-zhzhm-men-qamtamasyz-etw-maeseleleri-bojynsha-kenges-oetkizdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.