---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/04/04/air-astana-toby-oetewsiz-koemek-koersetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Air Astana тобы өтеусіз көмек көрсетті

![Air Astana тобы өтеусіз көмек көрсетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/attachment-3.jpeg)

**Air Astana тобы Батыс Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық жүкті тегін жеткізуге көмектесті.**

Гуманитарлық жүк «Qamqor Charity» Алматылық қоғамдық қор жинаған ең қажетті заттар мен азық-түлік өнімдерінен тұрады. Алғашқы үш тонна гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Оралға бүгін ұшып кетті. Жалпы алғанда Air Astana және FlyArystan 10 тоннаға дейін гуманитарлық жүкті жеткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы зардап шеккендерге жергілікті көмек көрсету үшін еріктілерге тегін билет берді. Air Astana тобы осы табиғи апаттан зардап шеккендерге көңіл айтып, өңірлердің тезірек қалпына келуін үміт етеді.

---

Жарияланды: 2024-04-04T14:44:59+06:00

Жаңартылды: 2024-04-04T14:44:59+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/04/04/air-astana-toby-oetewsiz-koemek-koersetti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.