---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/04/01/qaraghandyda-qylmystyq-toptyng-25-mueshesi-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қарағандыда қылмыстық топтың 25 мүшесі ұсталды

![Қарағандыда қылмыстық топтың 25 мүшесі ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/04/screenshot-20240401-080408-gallery.jpg)

**Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы топтың 12 қылмысқа қатысы бары анықталды. Жәбірленушілер – «Қармет» АҚ қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және жоғары оқу орындарының студенттері.

Күдіктілер қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, қылмыс жасаған. Олар ұрып-соғумен, мүлікті тартып алып, ақша бопсалаумен айналысқан.

> – Жалпы топтың 25 мүшесі ұсталды. Оның ішінде ең белсенді 10 адам қамауға алынды. Тінту барысында атыс және суық қару, оқ-дәрі, діни әдебиет пен ірі көлемде қаражат тәркіленді. Қазіргі таңда олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

*Фото: Polisia.kz*

---

Жарияланды: 2024-04-01T04:39:44+06:00

Жаңартылды: 2024-04-01T04:39:44+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/04/01/qaraghandyda-qylmystyq-toptyng-25-mueshesi-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.