---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/29/bishimbaev-soty-s-nuekenovanyng-aghasy-otyrysta-marqumnyng-beti-koegergen-swretin-koersetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бишімбаев соты: С.Нүкенованың ағасы отырыста марқұмның беті көгерген суретін көрсетті

![Бишімбаев соты: С.Нүкенованың ағасы отырыста марқұмның беті көгерген суретін көрсетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/a996e449-c12b-4a52-bbec-f36ee0523658.jpg)

**Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бүгінгі сот отырысында марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді куәгер ретінде жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Айтбек Амангелді сот кезінде Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың арасындағы алғашқы ұрыс-керістер қалай басталғаны туралы мәліметтер айта келіп, марқұмның бет-әлпеті көгерген сурет көрсетті.

Жәбірленуші тарап бұл сурет Бишімбаевтың Нүкенованы сабағанына дәлел болады деп есептейтінін де жеткізді.

Айтбек Амангелді осы суретті көргеннен кейін Бишімбаевпен төбелесіп қалғанын айтты. Ол осы жағдайдан кейін С.Нүкенованы алып кетпек болғанымен, марқұм кетуден бас тартқанын атап өтті.

*Фото: Inform.kz*

---

Жарияланды: 2024-03-29T06:43:18+06:00

Жаңартылды: 2024-03-29T06:43:18+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/29/bishimbaev-soty-s-nuekenovanyng-aghasy-otyrysta-marqumnyng-beti-koegergen-swretin-koersetti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.