---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/29/almatyda-biznes-ortalyq-oertendi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда бизнес орталық өртенді

![Алматыда бизнес орталық өртенді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/44af9682-7067-4912-87b8-d87222e4e992.jpg)

**Алматыда 9 қабатты бизнес орталықтың 8-қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды Qazaqpress Inform.kz-ке сілтеме жасап.**

Әлеуметтік желіде «Кең дала» бизнес орталығында 8-қабаттың өртенгені туралы видео тарады. Онда өрттің 9-қабатқа таралу қаупі бар екені, келушілердің ғимараттан сыртқа шығарылғаны жазылған.

Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 29 наурызда сағат 10:04-те ТЖД күштері мен құралдары Медеу ауданына, Достық даңғылы, 38 мекенжайына жіберілді.

> «Оқиға орнына келген сәтте 9 қабатты бизнес орталықтың 8-қабатында 30 шаршы метр аумақта өрттің шыққаны анықталды. Өрттің 9-қабатқа таралу қауіпі болды. Тілсіз жау сағат 10:24-те оқшауланып, 10:39-да толық сөндірілді», — деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Келушілер ғимараттан сыртқа шығуға үлгеріп, қауіпсіз жерге орналасты. Зардап шеккендер жоқ.

*Фото: Алматы қалалық ТЖД*

---

Жарияланды: 2024-03-29T06:46:00+06:00

Жаңартылды: 2024-03-29T06:46:00+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/29/almatyda-biznes-ortalyq-oertendi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.