---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/28/bir-tuende-qostanaj-oblysynda-140-qa-zhwyq-adam-evakwaciyalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бір түнде Қостанай облысында 140-қа жуық адам эвакуацияланды

![Бір түнде Қостанай облысында 140-қа жуық адам эвакуацияланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/8b6b2c0b-0855-41c4-adfc-7ad0aea9f25d.jpg)

**Б****ір түнде Қорғаныс министрлігінің әскери ұшқыштары Қостанай облысындағы 140-қа жуық адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Құтқару жұмыстарына Ми-171Ш, Ми-17 және Ми-8 көліктік-жауынгерлік тікұшақтарының экипаждары кірісті.

Екі тәулік ішінде апатты аймақтан көліктік-жауынгерлік тікұшақтардың экипаждары Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне 240 адамды, оның ішінде 60-тан астам баланы жеткізді.

Түнде құтқару жұмыстарын жүргізуге тек Әскери-әуе күштерінің ұшқыштарына ғана рұқсат етілгенін атап өткен жөн.  Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің әскери-көліктік авиациясы Алматыдан Оралға Төтенше жағдайлар министрлігі 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін жеткізді.

Айта кетейік, Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша Қостанай, Абай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жергілікті тұрғындарына Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері көмек көрсетіп жатыр.

*Фото: Қорғаныс министрлігі*

---

Жарияланды: 2024-03-28T06:24:23+06:00

Жаңартылды: 2024-03-28T06:24:23+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/28/bir-tuende-qostanaj-oblysynda-140-qa-zhwyq-adam-evakwaciyalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.