---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/28/almaty-metrosynda-halyqtyng-koengilin-koetergen-teatr-akterlaryna-zhurt-riza-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы метросында халықтың көңілін көтерген театр актерларына жұрт риза болды

![Алматы метросында халықтың көңілін көтерген театр актерларына жұрт риза болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/photo-2024-03-28-13-36-13.jpg)

**27 наурыз Халықаралық театр күнінде жаңадан құрылған ASSYLTAS театрының бір топ құрамы метро вагондарына кіріп, ән шырқады.**

Төлегеннің ариясын, «Қыз Жібек» операсынан «Гәкку» әнін орындаған театр ұжымына халық ықылас танытып, қол соқты. Театр әртісі Алмас Шаяхметов дүйім жұртты қазақ театрларын қолдауға шақырды.

*«Театр адамдарды біріктіреді, білім мен әдеби көкжиекті кеңейтеді, өз өміріміз жайында ойланып, сезінуге әсер ететін орын. Әр қазақ театрға барып тұруы қажет, сонда күйбең тіршіліктегі проблемаларын бір сәт ұмытып, рухани байып қайтар еді», — деді А.Шаяхметов.*

Айта кетейік, ASSYLTAS театры үш ай бұрын құрылып, «Арена» атты спектаклімен Қазақстанның бірқатар қалаларына гастрольлдік сапармен барып қайтты.

---

Жарияланды: 2024-03-28T11:22:53+06:00

Жаңартылды: 2024-03-28T11:22:53+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/28/almaty-metrosynda-halyqtyng-koengilin-koetergen-teatr-akterlaryna-zhurt-riza-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.