---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/27/qwandyq-bishimbaevtyng-isi-bojynsha-aldaghy-sot-otyrysy-ashyq-oetedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдағы сот отырысы ашық өтеді

![Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдағы сот отырысы ашық өтеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/bishimbanv.webp)

**ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғамның жоғары қызығушылығын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданғанын жариялады, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**
Ашық режимдегі сот отырыстары алқабилерді іріктеуден кейін өтетіні де нақтыланады.

Айта кетсек, 2024 жылы 11 наурызда бірінші сот процесі өтіп, мемлекеттік айыптаушы Қуандық Бишімбаев ісі бойынша тергеу нұсқауын жариялады. Айыптау актісіне сәйкес, қылмыс болған күні (2023 жыл, 8 қараша) Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нұркенова елордада концертте бірге болған. Сол арада олардың арасында жанжал туған. Соған қарамастан, олар ары қарай мейрамханаға бірге барып, ол арада жанжал өз жалғастығын тапқан. Салдарынан Салтанат Нүкенова соққыға жығылып, мерт болды.

Бишімбаев ісі бойынша негізгі сот талқысы 27 наурызға белгіленген.

*Фото: Inbusiness.kz*

---

Жарияланды: 2024-03-27T03:53:58+06:00

Жаңартылды: 2024-03-27T03:53:58+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/27/qwandyq-bishimbaevtyng-isi-bojynsha-aldaghy-sot-otyrysy-ashyq-oetedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.