---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/26/shqo-da-261-adam-qyzylsha-zhuqtyrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ШҚО-да 261 адам қызылша жұқтырды

![ШҚО-да 261 адам қызылша жұқтырды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/1953178ebaa04222b5e6975e17060f24_xl.jpg)

**Шығыс Қазақстан облысында 261 адам қызылша жұқтырған, деп хабарлайды Qazaqpress Kazinform-ке сілтеме жасап.**

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда өңір бойынша 261 адам қызылша жұқтырған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны – 92. Бұл науқастардың жалпы санының 35,3 пайызы.

> «Науқастардың 30,2%-ы екпе алмаған және вакцинация туралы мәліметтері жоқ адамдар. 28 адамда медициналық қарсы көрсетілімдер болған. Қараша айынан бастап қызылшаға қарсы 6-11 айлық балаларға, желтоқсаннан 2-4 жастағы балаларға қосымша жаппай иммундау жүргізілуде», — дейді департамент басшысы Қанат Тұрдиев.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін 6-11 айлық 3 643 балаға, 2-4 жастағы 20 294 балаға екпе салынды.

Фото: jjtv.kz

---

Жарияланды: 2024-03-26T04:19:57+06:00

Жаңартылды: 2024-03-26T04:19:57+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/26/shqo-da-261-adam-qyzylsha-zhuqtyrdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.