---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/25/qaraghandyda-paeterden-oert-shyghyp-er-adam-qaza-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қарағандыда пәтерден өрт шығып, ер адам қаза болды

![Қарағандыда пәтерден өрт шығып, ер адам қаза болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/1747418486_320_0_1280_720_1920x0_80_0_0_dfc90ef656f6f449a4f249e8e1cf9263.jpg)

**Қарағандыда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты. От шарпыған пәтерден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaqpress Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.**

Бүгін сағат 17:48-де ТЖД кезекшісінің пультіне 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар бригадасы өрт орнына келіп, бес азаматты, оның ішінде екі баланы құтқарды. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер тағы бес адамды эвакуациялады.

> — Жергілікті жерде отты жоюға жеке құрамның 30 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 18:19-да жойылды. Өрттің шығуына алдын-ала болжамға сай электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Өрт орнында 1953 жылы туған ер адамның денесі табылды, — деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

*[Фото : Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан](https://www.gov.kz/)*

---

Жарияланды: 2024-03-25T04:34:31+06:00

Жаңартылды: 2024-03-25T04:34:42+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/25/qaraghandyda-paeterden-oert-shyghyp-er-adam-qaza-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.