---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/24/qazaqstan-komandasy-semserleswden-parizh-olimpiadasynyng-zholdamasyn-utyp-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан командасы семсерлесуден Париж Олимпиадасының жолдамасын ұтып алды

![Қазақстан командасы семсерлесуден Париж Олимпиадасының жолдамасын ұтып алды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/1711270764.jpg)

**Шпагамен семсерлесуден Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде Қазақстанның ерлер командасы Париж Олимпиадасының жолдамасын ұтып алды, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**
Бұл бәсекедегі Қазақстанның басты қарсыласы саналған Оңтүстік Корея 1/8 финалда Чехия құрамасына жол беріп, Қазақстан командасынан 26 ұпайға қалып қойды.

Осылайша, семсерлесуден Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет командалық сында Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша, алғашқы төрт орында тұрған команда Олимпиадаға тікелей жолдама алады. Жапония сол төрттік қатарында Парижге бару мүмкіндігін алған соң, Азиядағы жалғыз лицензияға Қазақстан мен Оңтүстік Корея таласқан болатын.

Тбилисидегі шешуші сында Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай мен Вадим Шарлаимов төрттігі Олимпиадаға лицензия иеленді. Әлемдік ереже бойынша, командалық сында бір, жекелей сында үш жолдама Қазақстан қоржынына түсті.

*Фото: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті*

---

Жарияланды: 2024-03-24T15:02:30+06:00

Жаңартылды: 2024-03-24T15:02:30+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/24/qazaqstan-komandasy-semserleswden-parizh-olimpiadasynyng-zholdamasyn-utyp-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.