---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/23/bir-zharym-myngnan-astam-adam-tazarw-zhalpyulttyq-eko-akciyasyna-qatysty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бір жарым мыңнан астам адам «Тазару» жалпыұлттық эко-акциясына қатысты

![Бір жарым мыңнан астам адам «Тазару» жалпыұлттық эко-акциясына қатысты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-23-at-15.02.00.jpeg)

Алматыда Наурыз мейрамына орайластырылған «Тазару» жалпыұлттық экологиялық акциясы барысында 427 текше метрден астам қоқыс жиналды, 83 бірлік техника пайдаланылды. Эко-акцияға барлығы 1500 астам адам қатысты.

Іс-шара қаланың барлық аудандарын қамтыды. Аудан әкімдіктері шанц құралдарын (қаптар, қолғаптар, тырмалар, күректер, бояулар, валиктер) ұсынды.

Эко-науқан барысында Кіші Алматы, Есентай, Үлкен Алматы, Қарғалы және Тастыбұлақ өзендерінің жағалауы мен арналарының аумағында су айдындарын тазарту және іргелес учаскелерді қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, өзендердің жағалау бөліктерін қоқыстардан, өскіндерден тазарту, қоқысқа арналған жәшіктерді, орындықтарды бояу, шағын сәулет нысандарын жуу жұмыстары жүргізілді.

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы Түрксіб ауданының әкімдігімен бірлесіп Әуежай көлінің жағасында қаланың жасыл қорын сақтау және көгалдандыру мақсатында 100-ден астам ағаш отырғызды.

![](http://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2024/03/whatsapp-image-2024-03-23-at-15.01.33-1024x766.jpeg)

---

Жарияланды: 2024-03-23T10:42:15+06:00

Жаңартылды: 2024-03-23T10:42:15+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/23/bir-zharym-myngnan-astam-adam-tazarw-zhalpyulttyq-eko-akciyasyna-qatysty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.