---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/20/timwr-twrlov-qazaqstan-fwtbol-quramasyna-syjaqy-toelejdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тимур Турлов Қазақстан футбол құрамасына сыйақы төлейді

![Тимур Турлов Қазақстан футбол құрамасына сыйақы төлейді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/ff_holdingcorp_guide_rus-01-01.jpg)

Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры және Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі Тимур Турлов Қазақстан футбол құрамасы Ұлттар Лигасының плей-офф жартылай финалдық матчында Греция командасын жеңген жағдайда, оған жүз миллион теңге төлейді. Сыйақы капитанның қалауы бойынша команданың пайдасына беріледі.

Шешуші матч Афинада 21-22 наурызға қараған түні өтеді. Кездесудің жеңімпазы Грузия мен Люксембург арасындағы ойын қорытындысы бойынша үздік құрамамен ойнайтын қарсы ойындардың финалына шығады.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2024/03/timur-turlov-1-683x1024.jpg)

*Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры, Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі:*

*«Футболдан Еуропа чемпионатына жолдама бұрын-соңды осыншалықты жақын болған емес. Бұл қазақстандық футбол үшін, жалпы еліміз үшін маңызды сәт. Біздің көз алдымызда ұлттық құраманың аты тарихта сақталмақ, сондай-ақ бүгінгі сәтте спортшыларымызға қолдау көрсету аса маңызды болып отыр. Олардың атқарған жұмысы орасан зор, бірақ алда ЕУРО-2024 ойынына іріктеу шеңберіндегі ең маңызды ойын күтіп тұр. Жүлделер команданы қосымша ынталандырып, сондай-ақ баршамызды Қазақстан командасына бірге қолдау көрсетуге шақырады деп сенемін!».*

2022 жылы Тимур Турлов Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитетінің құрамына кірді.

---

Жарияланды: 2024-03-20T14:48:16+06:00

Жаңартылды: 2024-03-20T14:54:35+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Бизнес](https://qazaqpress.kz/category/biznes/), [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/20/timwr-twrlov-qazaqstan-fwtbol-quramasyna-syjaqy-toelejdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.