---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/19/aqtoebede-oqwshylar-aelewmettik-zhelidegi-pikirden-song-toebelesip-qaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтөбеде оқушылар әлеуметтік желідегі пікірден соң төбелесіп қалды

![Ақтөбеде оқушылар әлеуметтік желідегі пікірден соң төбелесіп қалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/18121118_58_0_1500_811_1920x0_80_0_0_08ab43ecd461616bd6bb0d744effdec0.jpg)

**Ақтөбенің Шалқар қаласында мектеп оқушылары өзара жанжалдасып қалды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Олардың бәрі полиция бөлімініне жеткізіліп, шара қабылдау үшін аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды.

Әлеуметтік желіде оқушылардың бір-бірін қуып жүрген видеосы тарап кетті. Оқиға 18-наурыз күні сағат шамамен 14:00-де Шалқар қаласында болды. Бұл Әйтеке би мен Желтоқсан көшелерінің қиылысы маңы. №5 мектеп-лицейдің оқушылары мен №3 Шалқар қалалық орта мектеп оқушылары қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін полицияға жеткізілді.

> — Тексеру кезінде №5 мектеп-лицейдің 8 «А» сынып оқушысы өз фотосын музыкамен сүйемелдеп, кейін TikTok желісіне жүктегені белгілі болды. Сол мектептің 9 «Б» сынып оқушысы қоқан-лоқы көрсетіп, видеоны өшіруді талап етіп, пікір қалдырады. Сол кезде 8-сынып оқушысы 10-сыныпта оқитын ағасына мән-жайды айтады. 18-наурыз күні №5 мектеп-лицейдің 9-10 сынып оқушылары сабақтан соң кездесетінін айтады.
> 
> 
> 
> 
> Ал балалардың бірі №3 орта мектепте оқитын оқушылардан көмек сұрайды. Аталған оқиғаға қатысқан жасөспірімдер анықталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық Білім басқармасы.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың хабарлауынша, құжаттар жинақталып, шешім шығару үшін іс Шалқар ауданы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комисияға жолданады

*Фото: sputnik.kz*

---

Жарияланды: 2024-03-19T10:53:58+06:00

Жаңартылды: 2024-03-19T10:53:58+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/19/aqtoebede-oqwshylar-aelewmettik-zhelidegi-pikirden-song-toebelesip-qaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.