Алматыда №2 қалалық балалар клиникалықауруханасының базасында аяқ-қолдың туа біткенжәне жүре пайда болған ақауы бар балаларға ота жасалды.
2024 жылғы 15-16 наурызда Алматының №2 №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында белгілі ресейлік хирургтар Максим Вавилов пен Тимур Торноның бірігіп «Микрохирургия арқылы аяқ-қолдың туа біткен және жүре пайда болған ақауларын жедел емдеу» атты шеберлік дәрісі өтті. Алматы, Талдықорған және Бішкектен 15 маман біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасты.
«Шеберлік дәрісін бас әріптесіміз – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен, ресейлік әріптестерімізді тарта отырып және күрделі патологиясы бар балаларға көмек көрсету мақсатында, сонымен бірге біздің аурухана мамандары көрсететін медициналық көмектің сапасын арттыру үшін«Мейірімділік» үйі» қоғамдық қорыұйымдастырылды. Дәріс аясында 60 балатексерістен өтіп, кеңес беріліп, ем-дом тағайындалды, 8 балаға ота жасалды. Күрделі отаның екеуі «симультантты», яғни бір мезетте әртүрлі жерге аралас ота жасау», — деді Алматы №2 ҚБКА директоры Марат Рабандияров.
Қонаев қаласының тұрғыны Адинаға бірмезетте 2 дәрігерлер бригадасы ота жасады.
9 жастағы Адинаға бір мезетте 2 дәрігер тобы ота жасады: микрохирургтар мен ортопедиялықтравматологтар. Бұл ерекше оқиға: қызға наркоз салынған уақытта аяққа, қолға және мойынсүйегіне үш бірдей ота жасалды. Науқасқа «оң жақгемипарез, церебральды сал ауруы» диагнозқойылған. 2023 жылғы 13 қаңтарда №2 ҚБКА-да науқасқа әйгілі Берлин клиникасының профессоры Шарите — Ульрих-Вильгельм Томаленіңқатысуымен нейрохирургия бойынша шеберлік дәрісі шеңберінде бірегей ота жасалған. Соданкейін мидың сол жақ жарты шарына ота жасалып,жағдайы жақсара бастап, дірілі тоқтады. Адинаныңсауығу жолындағы келесі қадам – ресейлік-қазақстандық ортопедтер бір күн бұрын жасағанота.
«Бала жоспарлы түрде қабылданды, отадан 4 күн бұрын қыз оң иығымен құлаған. Олартұрғылықты жері бойынша травматикалықпунктке жүгініп, оған оң жақ бұғанасының ортаңғы үштен бір бөлігінің жабық сынуы дегендиагноз қойылды. Дезо гипсі қолданылады. Осыған байланысты оң қолға ота жасау мәселесі туындады. Тексеруден кейін екі дәрігер тобы бір уақытта аяққа, бұғанаға, жіліншікке және саусаққа бірлескен «симультантты» ота жасау туралы шешім қабылдады: оң жақ бұғананың жабық остеосинтезі, шынтақ жіліктік жүйкенің қозғалтқыш талшықтарының селективті нейротомиясы; сіңірлердің транспозициясы; оң жақ асықасты буынының артроэрезі, — деді Алматы №2 ҚБКАтравматолог дәрігері Ұлжан Солтанбекова.
Қазір Адинаның жағдайы жақсы, тәуір болып қалды.
Адинамен бірге әртүрлі патологиясы бар 8 кішкентай пациентке ота жасалды, атап айтқанда, бірнеше артрогриппоз; аяқтың кавус деформациясы; Шарко – Мари ауруы; атипті маймақтық, рецидив, ОНМК салдары; сол жақ гемипарез; сол жақ аяқтың вальгусы; оң қолдың деформациясы.
«Бос тері пластикасы» технологиясы
Осы шеберлік дәрісі аясында жасалған оталарда дәстүрлі әдістер тиімсіз болған кезде күрделімикрохирургиялық әдістер қолданылды.
«Микрохирургтардың миссиясы, оған бірденжүгінудің қажеті жоқ, ол басқа әдістеркөмектеспеген кезде қолданылады. Жарақаттанкейін ақаулар бар, олардың барлық ортопеді мен травматологы кез келген тәсілмен жабуғатырысады, жергілікті тіндермен тартады, бұл«бос тері пластикасы» немесе «қайталамажазылу» деп аталады. Егер ештеңекөмектеспесе, онда сіз бос тері кесіндісі арқылыемдеп, қан тамыр айналасын тігуіңіз керек. Бұлретте, ештеңені жарақаттамау деген ауырміндет тұр», — деді хирург Тимур Торно.
Айта кететін нәрсе, барлық ем-дом мен кеңес тегін жүргізілді.
Discussion about this post