---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/18/almaty-oblysynda-majlyq-shygharatyn-ceh-pen-qojma-oertendi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында майлық шығаратын цех пен қойма өртенді

![Алматы облысында майлық шығаратын цех пен қойма өртенді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/arbatmedia-silnyi-pozar-oxvatil-odin-iz-restoranov-almaty-video-6125-800x448-1.jpg)

**Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылында 1 мың шаршы метр аумақта цех пен қойма өртенді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. **

Алматы облысында өндірістік аумақта өрттің шыққаны туралы видео желіде тарады.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылында майлық шығаратын цех пен қойманың өртенгенін хабарлады. Өрттің көрші тұрғын үйге таралу қаупі болды.

> «Өрт сағат 11:01-де оқшауланып, сағат 13:25-те жойылды. Өртті сөндіруге 60-қа жуық өртсөндіруші мен 20-ға жуық техника жұмылдырылды. Өрттің ауданы 1000 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің себебі анықталуда», — деп хабарлады ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі.
> 
> 
> 
> 
> Фото: МЧС РК

---

Жарияланды: 2024-03-18T03:54:23+06:00

Жаңартылды: 2024-03-18T03:54:23+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/18/almaty-oblysynda-majlyq-shygharatyn-ceh-pen-qojma-oertendi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.