---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/14/shyghys-qazaqstanda-taghy-da-qar-koeshkini-tuesirildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шығыс Қазақстанда тағы да қар көшкіні түсірілді

![Шығыс Қазақстанда тағы да қар көшкіні түсірілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/12f01823-ce39-4d1d-a04b-adf027cbda00.jpg)

**Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бүгін «Қазселденқорғау» мекемесі облыстық филиалының мамандары ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, кезекті рет профилактикалық қар көшкінін жүргізді.

> «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолында қар көшкінінің өздігінен жүру қаупі артқан. Осыған орай тасжолдың 5 учаскесінде жарылыс жасалып, 7900 текше метр қар түсірілді. Көшкін жолды ішінара жауып тастады. Жолшылар қарды тазартып, автокөлік қозғалысы қайта жанданды», — делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Осы ретте, ТЖД қызметкерлері өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

*Фото: ШҚО ТЖД*

---

Жарияланды: 2024-03-14T03:17:01+06:00

Жаңартылды: 2024-03-14T03:17:01+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/14/shyghys-qazaqstanda-taghy-da-qar-koeshkini-tuesirildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.