Шығыс Қазақстанда тағы да қар көшкіні түсірілді
Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бүгін «Қазселденқорғау» мекемесі облыстық филиалының мамандары ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, кезекті рет профилактикалық қар көшкінін жүргізді.
«Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолында қар көшкінінің өздігінен жүру қаупі артқан. Осыған орай тасжолдың 5 учаскесінде жарылыс жасалып, 7900 текше метр қар түсірілді. Көшкін жолды ішінара жауып тастады. Жолшылар қарды тазартып, автокөлік қозғалысы қайта жанданды», — делінген ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Осы ретте, ТЖД қызметкерлері өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Фото: ШҚО ТЖД