---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/14/habar-telearnasyndaghy-qogham-synyna-ushyraghan-tok-show-zhabylatyn-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Хабар» телеарнасындағы қоғам сынына ұшыраған ток-шоу жабылатын болды

![«Хабар» телеарнасындағы қоғам сынына ұшыраған ток-шоу жабылатын болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/800x450-5.webp)

**«Хабар» телеарнасындағы қоғам сынына ұшыраған ток-шоу жабылатын болды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды****Qazaqpress Zakon.kz****-ке сілтеме жасап.**

*«Отбасылық құндылықтарды насихаттау, ана мен баланы қорғау жөніндегі қызметті үйлестіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды насихаттау Министрліктің басты міндеттерінің бірі.Өз кезегінде, 11 наурыздан бастап «Хабар» арнасында отбасындағы әлеуметтік мәселелерін көтеріп, оны шешуге бағытталған «Бірақ…» бағдарламасының шығарылымы ұйымдастырылды. Алайда, тікелей эфирдегі берілген шығарылымда редакция бағдарламаның діттеген мақсатына жете алмай, кейіпкерді жаңылыстыру арқылы қоғамда түрлі пікірлер туындатты», — деп жазды Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында.*

Балаеваның сөзінше, мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна бұндай олқылыққа жол бермеуге тиіс еді.

*«Ең алдымен, редакция барлық этикалық нормаларды сақтап, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен арандатушылыққа жол бермеуге, кейіпкерлерді көпшілік алдында қорламау қажет еді.Сондықтан телеарна редакциясына бұл үлкен сабақ болады деп санаймыз. Аталған ток-шоу жабылады», — деді Балаева.*

*Сурет: Zakon.kz*

 

---

Жарияланды: 2024-03-14T03:20:37+06:00

Жаңартылды: 2024-03-14T03:20:37+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/14/habar-telearnasyndaghy-qogham-synyna-ushyraghan-tok-show-zhabylatyn-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.