---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/13/serik-toelenbergenov-toetenshe-zhaghdajlar-vice-ministri-bolyp-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Серік Төленбергенов төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды

![Серік Төленбергенов төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/800x450-1-2.webp)

**ҚР Үкіметінің қаулысымен Серік Төлеуғалиұлы Төленбергенов төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**
Серік Төленбергенов 1974 жылы Семей облысында дүниеге келген. Кәсіптік-техникалық училищесін, Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық техникумын, Қазақстан-Америкалық университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы жеке ұйымда бухгалтер болып бастаған.

1997-1998 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Семей облысы және Өскемен қаласы бойынша басқармасының бақылаушы-ревизоры болып жұмыс істеді.

2000 жылдан 2009 жылға дейін — жеке құрылымдарда.

2009-2010 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бас маманы, бөлім басшысы.

2010-2011 жылдары — Риддер қаласы әкімінің орынбасары.

2011-2012 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі болып қызмет атқарды.

2013-2014 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

2016-2019 жылдары — басқарма басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

2019-2020 жылдары — «Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасының кеңесшісі.

2021-2022 жылдары жеке құрылымда жұмыс істеді.

2022-2023 жылдары — коммуналдық кәсіпорын директоры, Семей қаласы мәслихатының депутаты.

2023 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — Абай облысы әкімдігі Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы.

*Сурет: primeminister.kz*

---

Жарияланды: 2024-03-13T00:34:48+06:00

Жаңартылды: 2024-03-13T00:34:48+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/13/serik-toelenbergenov-toetenshe-zhaghdajlar-vice-ministri-bolyp-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.