---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/13/bishimbaevtyng-basty-soty-27-nawryzgha-belgilendi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бишімбаевтың басты соты 27 наурызға белгіленді

![Бишімбаевтың басты соты 27 наурызға белгіленді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/800x450-4.webp)

**Бүгін Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты алдын ала тыңдау аяқталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Сот залына БАҚ өкілдері бүгін де жіберілмей, онлайн қатысты.

*«ҚР Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында және 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған Қ. Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша бас сот талқылауы тағайындалды. Басты сот отырысы 2024 жылғы 27 наурызда сағат 10:00-де Астана қаласы, Кенесары көшесі, 3 мекенжайында алқабилердің қатысуымен өтеді», — деді судья Айжан Құлбаева шешімді оқи отырып.*

Сондай-ақ, судья ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 320, 321-баптарын басшылыққа ала отырып, күдікті Қ. Бишімбаев пен Б. Байжановтың қорғаушыларының өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

> «Прокурорға айыптау актісінің көшірмесін сотталушының қорғаушыларына тапсыру міндеттеледі. ҚР Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-тармағының 1-тармағында, 99-бабының 2-тармағының 5-тармағына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталушының Қ. Бишімбаевқа қатысты және ҚР Қылмыстық кодекстің 432, 434-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп айыпталушының Б. Байжановқа қатысты басты сот отырысында аудио және бейнежазба құралдары қолданылады», — дейді ол.

Одан бөлек, судья А. Құлбаева басты сот отырысына алқабилердің бірыңғай тізімінен 300 кандидатты шақыруды талап етті. Сот ісі орыс тілінде жүреді.

*«Сотталушының қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы сақталсын, істі сотта қарау кезеңіне арналған мерзім іс сотқа келіп түскен күннен бастап 6 айға дейін ұзартылсын. Қаулы түпкілікті, шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды», — деп толықтырды судья. *

*Фото: Zakon.kz*

---

Жарияланды: 2024-03-13T00:32:04+06:00

Жаңартылды: 2024-03-13T00:32:04+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/13/bishimbaevtyng-basty-soty-27-nawryzgha-belgilendi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.