---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/11/memleket-basshysy-qazaqstan-halqyn-ramazan-ajynyng-bastalwymen-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

![Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/1834406419_0_0_3048_1714_1920x0_80_0_0_af781adaa8c9170dc782b371db12babe.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев****Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

> «Қымбатты отандастар!
> 
> 
> 
> 
> Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша. Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл.
> 
> 
> 
> 
> Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді. Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін. Ораза қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толайым табыс тілеймін!», — деп жазылған Президент құттықтауында.
> 
> 
> 
> 
> Фото: Akorda.kz

---

Жарияланды: 2024-03-11T05:18:48+06:00

Жаңартылды: 2024-03-11T05:18:48+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/11/memleket-basshysy-qazaqstan-halqyn-ramazan-ajynyng-bastalwymen-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.