---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/08/bibisara-asawbaeva-maeskewde-zhengis-tughyrynan-koerindi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бибісара Асаубаева Мәскеуде жеңіс тұғырынан көрінді

![Бибісара Асаубаева Мәскеуде жеңіс тұғырынан көрінді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/u89gw5d697.jpg)

**Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Мәскеуде өткен «Аэрофлот Опен 2024» шахмат фестивалінде әйелдер арасында чемпион болды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Бір аптаға созылған дәстүрлі жарыста FIDE-де рейтингі 2 300-ден жоғары ойыншылар опен-турнирде бақ сынады. Сонымен қатар 15 жасқа дейінгі балалар арасында да бөлек бәсеке өтті.

Қазақстаннан Бибісарамен қатар Қазыбек Нөгербек (18-орын), Даниал Сапенов (21-орын), Рамазан Жалмаханов (38), Әлішер Сүлейменов (65) сынға түсті. Жалпы биыл қатысушылар саны 500-ден асты.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева 2004 жылы 26 ақпанда Таразда дүниеге келген. Ол – әйелдер арасындағы гроссмейстер (2019). Ерлер арасында халықаралық спорт шебері (2020). Блиц бойынша әлем чемпионы (2021) – шахмат тарихындағы ең жас шахматшы. Рапид бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021). Азия Чемпионы (2021).

*Фото: worldrapidandblitz2022.fide.com*

---

Жарияланды: 2024-03-08T06:46:59+06:00

Жаңартылды: 2024-03-08T06:53:11+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/08/bibisara-asawbaeva-maeskewde-zhengis-tughyrynan-koerindi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.