Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны Сандуғаш Тұрлыбекова ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде қоғам белсендісі, көпбалалы ана Сандуғаш Тұрлыбекованы полиция ұстап әкетіп бара жатқаны бейнеленген фото тарады.
Осыған орай Қызылорда облысы полиция департаменті мәлімдеме жасады.
«Аталған дерек бойынша Қызылорда облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр» деп қысқа қайырды ведомстводан.
Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды.
Фото: Facebook/Нұрсұлтан Байменов
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз