---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/06/qostanajda-policejler-qarasora-oesiretin-fitozerthanany-anyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

![Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/3c7e06b8-5f8c-476c-bdda-198acb7e266b.jpeg)

**Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі пәтерде ұйымдастырған. Тінту кезінде полицейлер жалпы салмағы 12,5 келі болатын қарасора бұталарын тәркіледі. Мұнда арнайы жабдықтар да болды: жарық және диодты шамдар, термометрлер, желдеткіштер, ылғалдылықты өлшеу құралдары.

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері екі ер адамды ұстады.

*– Фитозертхана құрамында есірткі заттары бар қарасора өсіруге арналған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті басқарма бастығы Нұржан Ахметов.*

Адамдардың өзге де қылмыс жасауға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады.

Қарасора өсіргені үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары қылмыстық жаза қарастырылған.

*Фото: Polisia.kz*

---

Жарияланды: 2024-03-06T05:48:24+06:00

Жаңартылды: 2024-03-06T05:48:24+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/06/qostanajda-policejler-qarasora-oesiretin-fitozerthanany-anyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.