---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/06/elimizde-sujytylghan-munaj-gazynyng-baghasy-oesedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елімізде сұйытылған мұнай газының бағасы өседі

![Елімізде сұйытылған мұнай газының бағасы өседі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/800x450-1-1.webp)

**Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев брифинг кезінде Қазақстанда сұйытылған мұнай газының қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**
Журналистер министрден Қазақстанда газдың бағасы қашан және қаншаға көтерілуі мүмкін екенін сұрады.

> — Бұл арада жоспарлы жұмыс туралы сөз болып отыр. Біз сұйытылған мұнай газының бағасын жыл сайын өсіріп отыруды жоспарлаудамыз. Биыл баға шамалы өседі, өңірлердің айырмасына байланысты шамамен 5-8 теңге. Министрліктің көктемдегі жоспарында бұл өсім баға қамтылған, — деді Сәтқалиев.

5 наурызда Энергетика министрі 2023 жылы ішкі нарықта сұйытылған мұнай газының тұтынысы 2022 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға немесе 28%- а өсіп, 2,2 млн тоннаны құрағанын хабарлаған болатын.

*Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев*

---

Жарияланды: 2024-03-06T04:48:17+06:00

Жаңартылды: 2024-03-06T04:48:17+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/06/elimizde-sujytylghan-munaj-gazynyng-baghasy-oesedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.