---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2024/03/05/qyzylordada-sottalghangha-telefon-zhetkizbek-bolghan-azamat-anyqtaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қызылордада сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

![Қызылордада сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2024/03/a4e2d9f9-575e-44ff-869a-b00b55e72818.jpg)

**Қызылордада сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің №1 бақылап өткізу бекетінде ҚР КҚ-нің 188-бабының 3-бөлігімен 3 жыл 6 ай мерзімге сотталған В. есімді азаматқа қысқа мерзімді кездесуге келген танысының алып келген тағамын тексеру барысында екі телефон табылғаны мәлім болды.

Тыйым салынған заттың түрмеге кіргізілуіне жол бермеген мекеменің режим бөлімінің жедел уәкілі Ө.Жағыпардың айтуынша, асыра ойластырылған айламен тағам ішіне жасырылған сәлемдемені арнайы құралдар арқылы тексеру барысында анықтаған.

Аталған әрекет бойынша мекемеге тыйым салынған затты алып кірмекші болған А. есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, іс-құжаттары сотқа жолданды.

*Фото: Polisia.kz*

---

Жарияланды: 2024-03-05T11:52:17+06:00

Жаңартылды: 2024-03-05T11:52:17+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2024/03/05/qyzylordada-sottalghangha-telefon-zhetkizbek-bolghan-azamat-anyqtaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.